«Мұқағали мұрасы – қазақтың қазынасы» атты "Мұқағали оқулары" байқауы
2025 жылғы 10 ақпанда Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінде ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Мұқағали мұрасы – қазақтың қазынасы» атты "Мұқағали оқулары" байқауы өтті. Байқау үш номинация бойынша өткізілді: "Өлеңнің ақиық пірі-Мұқағали" мәнерлеп оқу, "Өмірін өлеңмен өрнектеген ақын" жас ақындар мүшайрасы , "Өмір шындығы-Мұқағали шығармасында" көрініс байқауы. Оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, өз шығармашылығын танытып, сахналық қойылымдар көрсетті. Байқау