Оқуға құштар мектеп! » СШ Ш.Уалиханов
Жамбыл облысы
Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
февраль
2024

Оқуға құштар мектеп!

Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебінде  01.02.2024 күні 
"Оқуға құштар мектеп"  жобасы аясында  "Жаңа кітап-жаңа әлем!" атты  6- сыныптар арасында сайыс ұйымдастырылды.     
Мақсаты: оқушыларды кітапты сүйе білуге, оқу мәдениетіне, тарихи, өнегелі және патриоттық әдебиетпен қатынасын арттыру.
 Міндеті:.Жас ұрпақ бойында  азаматтық , рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
Әр сыныпқа жас ерекшеліктеріне сай оқуға  
кітаптар берілді: яғни  6 "А" - сынып оқушыларына Оралхан Бөкейдің" Тортай мінген ақ боз ат" әңгімесі;                            
 6 "Ә" - сынып оқушыларына Әбіш Кекілбаевтың " Аңыздың ақыры романының Бірінші бөлімі "Қызыл алма" әңгімесі;                    
 6 " Б" сынып оқушылары  Бейімбет Майлиннің "Шұғаның белгісі" атты повесті берілді .                
Бұл шығармалардың қай- қайсысы да өмірде болған тәрбиелік мәні зор, оқушы қауымына жол тартып, білім нәрімен сусындатар  өшпес мұра.
Сайысымыздың шарттары: 
-Әр топ өз топтарын таныстыру қажет;  
- Әр топ өздеріне берілген кітаптарын мазмұндайды;
-Оқыған кітаптары бойынша, қысқаша көрініс қойылады;
- Поэзия минуты.Оқыған әңгімелерін тақырыпқа сәйкес, мәнерлеп  оқиды; 
Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.
6   "А" - сынып оқушыларына І орынмен марапатталды.
 6 "Ә" - сынып оқушылары ІІІ орынмен марапатталды.
6 " Б" сынып оқушылары ІІ орынмен  марапатталды.



Мектеп кітапханашысы: Ахматбекова Айжан