«Мұқағали мұрасы – қазақтың қазынасы» атты "Мұқағали оқулары" байқауы » СШ Ш.Уалиханов
Жамбыл облысы
Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
"Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мұқағали мұрасы – қазақтың қазынасы» атты "Мұқағали оқулары" байқауы
10
февраль
2025

«Мұқағали мұрасы – қазақтың қазынасы» атты "Мұқағали оқулары" байқауы

2025 жылғы 10 ақпанда Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінде ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Мұқағали мұрасы – қазақтың қазынасы» атты "Мұқағали оқулары" байқауы өтті.
Байқау үш номинация бойынша өткізілді: "Өлеңнің ақиық пірі-Мұқағали"  мәнерлеп оқу, "Өмірін өлеңмен өрнектеген ақын" жас ақындар мүшайрасы , "Өмір шындығы-Мұқағали шығармасында"  көрініс байқауы. Оқушылар ақын өлеңдерін жатқа оқып, өз шығармашылығын танытып, сахналық қойылымдар көрсетті.
Байқау нəтижесі: 
Мәнерлеп оқу номинациясы:
🏆 1 орын–5 «Ә» сынып, Жалғас Ақерке
🥈 2 орын–5 «Ә» сынып, Әлібекова Аружан
🥉 3 орын–5 «А» сынып, Базарбекова Аида
Ақындық өнер номинациясы:
🏆 1 орын–6 «А» сынып, Ыбырай Айдар
🥈 2 орын–5 «А» сынып, Тамдыбек Сымбат
🥉 3 орын–6 «Ә» сынып, Құрақбай Назерке
Көрініс көрсету:
🏆 1 орын–5 «Б» сынып оқушылары, «Аққулар ұйықтағанда» қойылымы
🥈 2 орын–6 «Б» сынып оқушылары, «Жетімдер үйі» қойылымы
🥉 3 орын–6 «Ә» сынып оқушылары, «Жетімдер үйі» қойылымы
Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары алғыс хаттармен және арнайы марапаттармен марапатталды. Іс-шара жас ұрпақтың поэзияға деген қызығушылығын арттырып, Мұқағали Мақатаевтың мұрасын насихаттауға зор үлес қосты.Іс-шараны ұйымдастырушы:
📖 Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің кітапханашысы – Г. Қалшерова және сынып жетекшілер

























Похожие публикации:

27 январь 2023 "Мұқағали оқулар"
21 октябрь 2022 "Қонаев оқулары"