05
март
2018
Халықаралық әйелдер мерекесі - 8 наурыз!!!
Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Сіздерге шынайы көңілден зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілейміз.
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі - дей отырып, бақыт қонсын бастарыңызға.